Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі" МКҚК
ГККП "Высший колледж лесного хозяйства, экологии и туризма, город Щучинск, Бурпбайский район" при управлении образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

БОС ОРЫНҒА КОНКУРС педагог-ұйымдастырушы

16.09.2026

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы Щучинск қаласы, орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бала күтімі бойынша демалыстағы педагог-ұйымдастырушының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Лауазымдық жалақысы біліміне, тәжірибесіне, санатына қарай 155 733 (жүз елу бес мың жеті жүз отыз үш) теңге.

Байланыс телефоны: 8 702 150 12 97 (кадр бөлімінің менгерушісі), 8 716 36 4 15 05 (қабылдау)

Біздің мекен-жайымыз: 021700 Ақмола облысы, Бурбай ауданы, Щучинск қаласы,  БСХТ 18

Электрондық пошта: celh1898@mail.ru

Құжаттар 2026 жылдың қыркүйектен 28-не дейін қабылданады.

 

21-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының педагог-ұйымдастырушысы

320. Лауазымдық міндеттері:

  • білім беру ұйымында білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, мүдделері мен қажеттіліктерін зерттейді, оларды іске асыру үшін жағдай жасайды;
  • таланттардың, ақыл-ой және физикалық қабілеттердің дамуына, тұлғаның жалпы мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді;
  • клубтардың, үйірмелердің, секциялардың, жастар (студенттік) бірлестіктерінің жұмысын, білім алушылармен жеке жұмысты ұйымдастырады;
  • бағыттардың біріне жетекшілік етеді: ғылыми-техникалық, көркемдік-шығармашылық, спорттық-туристік және т.б.;
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім алушының қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу құқығын іске асыруға ықпал етеді;
  • дебаттарды, студенттік парламентті, кештерді, мерекелерді, жорықтарды, экскурсияларды ұйымдастырады, білім алушылардың әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды;
  • білім алушылардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;
  • іс-шараларды өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

321. Білуі тиіс:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын және білім беру мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
  • педагогика мен психологияны, физиологияны, гигиенаны, тәрбие жұмысының әдістемесін, үйірмелердің, секциялардың, студиялардың, клубтық бірлестіктердің сабақ бағдарламаларын;
  • педагогикалық әдеп нормаларын;
  • жастар (студенттік) ұжымдарының, ұйымдары мен қауымдастықтарының қызмет негіздерін;
  • қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін, санитариялық қағидалар мен нормаларды.

322. Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
  • немесе біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс стажы – 5 жыл;
  • немесе біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс стажы: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 4 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл.

323. Кәсіптік құзыреттіліктерін айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) «педагог-модератор»:

  • «педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға жауап береді, сонымен қатар:
  • жастармен диагностикалық жұмыстың ұйымдастырушылық формаларын меңгерген;
  • тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етеді;
  • әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;
  • білім беру ұйымы деңгейіндегі конкурстардың, жарыстардың қатысушылары бар;

2) «педагог-сарапшы»:

  • «педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын талаптарға жауап береді, сонымен қатар:
  • тәрбие жұмысын талдау әдістемелерін меңгерген;
  • білім алушыларға сараланған тәсілді ескере отырып, тәрбиелеу әдістемесін өз бетінше әзірлей біледі;
  • жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдаланады;
  • аудан/қала деңгейіндегі конкурстардың, жарыстардың қатысушылары болуы тиіс;

3) «педагог-зерттеуші»:

  • «педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын талаптарға жауап береді, сонымен қатар:
  • ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін меңгерген, жаңа педагогикалық технологияларды, нысаналы бағдарламаларды әзірлейді, оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізеді, әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етеді;
  • облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) тәжірибені жинақтайды;
  • облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейіндегі (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) конкурстардың, жарыстардың қатысушылары бар;

4) «педагог-шебер»:

  • «педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын талаптарға жауап береді, сонымен қатар:
  • Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламасы бар немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген басылып шыққан оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (қосалқы авторы) болып табылады немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау бойынша сарапшылар құрамына кіреді немесе Ворлдскиллс (WorldSkills) (кәсіби шеберлік конкурсы) чемпионаттарының сарапшысы немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша тренер болып табылады;
  • тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісінің дамуын жоспарлайды, әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етеді;
  • республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушысы болып табылады немесе республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушыларын дайындайды.

№57 бұйрықта көрсетілген барлық қажетті құжаттар бар 

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда № 35900 болып тіркелді

Просмотров: 96


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст