Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі" МКҚК
ГККП "Высший колледж лесного хозяйства, экологии и туризма, город Щучинск, Бурпбайский район" при управлении образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру" мемлекеттік қызыметі

Мемлекеттік қызмет

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау»

Жалпы ақпарат

Мемлекеттік қызметтің атауы: «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау».

Қызмет көрсетуші: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары.

Мемлекеттік қызметті алушылар: жеке тұлғалар.

Мемлекеттік қызметтің құны: тегін.

Мемлекеттік қызметті алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет:

  1. тікелей техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы арқылы;

  2. «электрондық үкімет» веб-порталы – eGov.kz арқылы көрсетіледі.

2026 жылы өтініш беру OQU білім беру платформасы арқылы да жүзеге асырылады, оның ішінде eGov.kz немесе eGov Mobile порталынан қызметке өткен кезде.

Құжаттарды қабылдау мерзімдері

Құжаттарды қабылдау мерзімдері білім беру бағдарламасына, оқу нысанына және оқуға түсу негізіне байланысты.

Білікті жұмысшы кадрларды даярлау үшін:

  • 25 маусымнан 27 тамыз 2026 жылға дейін;

  • кешкі оқу нысанына – 25 маусымнан 20 қыркүйек 2026 жылға дейін.

Орта буын мамандарын және қолданбалы бакалаврларды даярлау үшін:

  • мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанына – 25 маусымнан 22 тамыз 2026 жылға дейін;

  • негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында ақылы негізде – 25 маусымнан 27 тамыз 2026 жылға дейін;

  • кешкі және сырттай оқу нысандарына – 25 маусымнан 20 қыркүйек 2026 жылға дейін;

  • шығармашылық даярлықты талап ететін мамандықтарға – 25 маусымнан 20 шілде 2026 жылға дейін;

  • педагогикалық және медициналық мамандықтарға – негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында 25 маусымнан 10 тамыз 2026 жылға дейін;

  • медициналық мамандықтарға – негізгі орта білім базасында 25 маусымнан 10 тамыз 2026 жылға дейін;

  • медициналық мамандықтарға – жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында 25 маусымнан 15 тамыз 2026 жылға дейін.

Күтудің және қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты

Құжаттарды тапсыру үшін жол берілетін ең ұзақ күту уақыты: 15 минут.

Қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты: 15 минут.

Қажетті құжаттар

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына түсу үшін:

  1. құжаттарды қабылдау туралы өтініш;

  2. білім туралы құжаттың түпнұсқасы;

  3. көлемі 3×4 см цифрлық фотосурет;

  4. № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама ұсынылады.

I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы ұсынылады.

Электрондық сервистер арқылы құжаттарды тапсырған кезде қажетті мәліметтер мен құжаттар ақпараттық жүйенің талаптарына сәйкес электрондық нысанда ұсынылады.

Абитуриенттер үшін маңызды ақпарат

Бір абитуриент тек бір өтініш бере алады. Бұл ретте 4 білім беру ұйымында 4 мамандыққа дейін таңдауға мүмкіндік беріледі.

Өтінішке тіркелетін құжаттардың жалпы көлемі 5 МБ-тан аспауы тиіс.

Өтінішті онлайн қалай беруге болады?

Өтініш беру үшін:

  1. eGov.kz порталында немесе eGov Mobile мобильді қосымшасында авторизациядан өту;

  2. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау» қызметін таңдау;

  3. OQU білім беру платформасына өту;

  4. өтінішті толтыру;

  5. білім беру ұйымы мен мамандықтарды таңдау;

  6. өтінішке ЭЦҚ немесе SMS-пароль арқылы қол қою;

  7. жеке кабинетте өтініштің мәртебесін бақылау қажет.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат

немесе

құжаттарды одан әрі қараудан бас тарту туралы уәжді жауап.

Шағымдану тәртібі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен, қызмет көрсетушінің әрекетімен немесе әрекетсіздігімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым беруге құқылы.

Заңнамада көзделген жағдайларда шағымды қарау мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.

Нормативтік құқықтық база

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына» сәйкес көрсетіледі.

2026 жылы Қағидаларға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 150-НҚ бұйрығымен өзгерістер енгізілді.

Ресми сілтемелер

Мемлекеттік қызметті онлайн алу:Прием документов в организации ТиППО — eGov.kz

Мемлекеттік қызмет туралы ресми ақпарат:Прием документов в организации ТиППО — gov.kz

Бірыңғай байланыс орталығы: 1414

 


Текст