Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі" МКҚК
ГККП "Высший колледж лесного хозяйства, экологии и туризма, город Щучинск, Бурпбайский район" при управлении образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жария талқылаулар

"Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі" МКҚК-ның 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер бойынша

ЕСЕБІ

 

 

Жалпы ережелер.

Көрсетілетін қызмет беруші туралы мәліметтер

            Ақмола облысының білім беру басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы,  жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі» МКҚК техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында қызметті жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттар

             Колледж 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді, олар бойынша 2023 жылы 321 қызмет көрсетілді:

Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай – ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақ беру-66 (оның ішінде 60-ы электрондық және 6-ы қағаз нұсқада).
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру – 126 электрондық нұсқада.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың түпнұсқаларын беру – 26 (оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы - 15, электрондық нұсқада - 11)
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау – 85(оның 82-сі электронды, 3-і қағаз нұсқада)
Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау – 9 (оның ішінде 7 қағаз нұсқада,2 электронды нұсқада).
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді аяқтамаған адамдарға анықтама беру – 4 (оның ішінде 2 қағаз түрінде, 1 "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы, 1 электрондық нұсқада.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру – 5 қағаз нұсқада).

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-5.

 "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-16.

Электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-282.

Дәлелді бас тартулар саны-1.

Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Колледжде ең көп сұранысқа ие қызметтер "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана ұсыну " -126.

 

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

            Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мен тәртібі туралы барлық ақпарат колледждің ресми сайтында http://pt0004.burabay.aqmoedu.kz/, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде, сондай-ақ колледж залындағы стендте орналастырылған.

    2)    Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

3)  2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың бұзылуына жол бермеу бойынша кеңес өткізілді, ресми әлеуметтік желілерде (Instagram, Faсebook) Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері туралы 12 мақала және 10 Тікелей эфир жарияланды.

           

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

               Мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және білім беру ұйымдарының қызметтер көрсету процесіне мониторинг жүргізу мақсатында көрсетілетін қызметті алушылардан өтініштерді қабылдау және өңдеу ҚР БҒМ ММ АЖО автоматтандырылған жүйелері (4 Мемлекеттік қызмет автоматтандырылған) және College Smart Nation (7 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған) арқылы жүргізіледі.

               2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы "Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі" МКҚК-да Мемлекеттік қызметті көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткен 4 адам мемлекеттік қызметтерді бақылау мен көрсетуге жауапты болып табылады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 322/НҚ "Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың бірыңғай жұмыс орнына немесе терминалдық жүйесіне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" бұйрығының талаптарына сәйкес компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді.

         

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1)Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2023 жылғы 1 қаңтар мен 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығында көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

04.12.2023ж. мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі кеңестің нәтижелері бойынша колледж басшысы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жасау жөнінде тәуелсіз комиссия құруға қаулы етті, оның құрамына мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттары бар колледждің 3 қызметкері кірді.

3)Мемлекеттік қызмет  көрсету сапасын бақылау нәтижелерін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізді.

"Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі" МКҚК-да Ақмола облысы білім басқармасының, Ақмола облысы әкімдігінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментінің өкілдері 2023 жылғы 23 қарашада өткізген бақылау іс-шаралары барысында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері мен ережелерінде құқық бұзушылық анықталған жоқ.

 

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары

Колледж басшылығы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен мерзімдерін бақылау бойынша белсенді жұмыс жүргізуді жалғастырады.

 

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 24.02.2023 11:19
Құрылған күні: 28.02.2024 17:11

Текст