Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі" МКҚК
ГККП "Высший колледж лесного хозяйства, экологии и туризма, город Щучинск, Бурпбайский район" при управлении образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздіксіз экологиялық білім: мәселелер, тәжірибе, перспективалар» ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

20.12.2023 жылы «Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің» педагогтары облыстық конференцияға қатысты.

 Сейітова Анар Қаратайқызы профагитациялық тақырыпта сөз сөйледі, Оспанова Алмагүл Қажыбайқызы ЭП-21 тобының студенті Дорогой Кириллмен бірге «Тәжірибе студенттің өзіндік жұмысының элементі ретінде» тәжірибесін көрсетті.

Конференция Көкшетау қаласының «№ 13 «ЭКОС» мектеп –гимназиясы» КММ базасында өтті.

Конференцияның мақсаты:

  •  өскелең ұрпаққа үздіксіз экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу.

Конференцияға Ақмола облысының білім беру ұйымдарының педагогтары, студенттері мен оқушылары қатысты.

Конференцияда келесі сұрақтар қаралды: «Іс-шаралар шеңберінде экологиялық тәрбиені іске асыру», «Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы», «Экологиялық мәдениетті және өскелең ұрпақты тәрбиелеуді арттыру», «Ғасырлық тарихы бар колледж», «Экологиялық білім берудің психологиялық негіздері», «Экологиялық ертегілер» және т.б...

Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға алғыс хаттар, сондай-ақ қатысушының сертификаттары табыс етілді. Конференция ұйымдастырушыларына үлкен рахмет, өте қызықты болды.

Колледж әдіскері А.К. Сеитова

Жаңартылған күні: 03.01.2024 14:58
Құрылған күні: 03.01.2024 14:58

Текст