Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі" МКҚК
ГККП "Высший колледж лесного хозяйства, экологии и туризма, город Щучинск, Бурпбайский район" при управлении образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық әдістемелік семинар – сәуір 2023 жыл

2023 жылдың 21 сәуірінде Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінде «Инновациялық білім беру технологиялары оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету және білім беру нәтижелеріне қол жеткізу құралы ретінде»  атты облыстық семинар-практикум өтті.

Семинарда Ақмола облысы колледждерінің жетекші педагогтары өздерінің педагогикалық идеялары мен жұмыс тәжірибесін ұсынды.

Семинар аясында қатысушыларға колледж бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Педагогтер семинарды өткізу процесінде практикалық маңыздылығын, шығармашылық атмосферасын атап өтті, өз жұмысында сөз сөйлейтін әріптестердің тәжірибесін одан әрі пайдалануға ниет білдірді. Семинар жұмысына біздің колледжден екі педагог А. К. Мұхтанова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, және химия пәнінің оқытушысы К. Е. Антонюк қатысты.

Семинар мамандардың әдістемелік белсенділігінің жоғары деңгейін көрсетті, кәсіпқойлықтың дамуына, әріптестердің жұмыс тәжірибесін көрсету мүмкіндігіне ықпал етті, осы семинарды ұйымдастырушыларға зор алғысымды білдіргім келеді.

Колледж әдіскері  А.К. Сеитова

 

24.04.2023 ж.

Жаңартылған күні: 25.04.2023 08:57
Құрылған күні: 25.04.2023 08:57

Текст