Текст
1 қыркүйек күні колледжде «Қазақстан Республикасының Конституциясы: адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып (кураторлық) сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында білім алушылар Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерімен танысып, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, заңдылықтың, әділеттіліктің, отансүйгіштік пен жеке жауапкершіліктің маңызын талқылады.
Бірыңғай сынып сағаты білім алушылардың құқықтық мәдениетін, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және еліміздің Ата Заңына деген құрметін арттыруға ықпал етті.