Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі" МКҚК
ГККП "Высший колледж лесного хозяйства, экологии и туризма, город Щучинск, Бурпбайский район" при управлении образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өндірістік оқыту шебері облыстық конкурсы 2023

Облыстық конкурс «Үздік өндірістік оқыту шебері» – 2023 жыл

Ақмола облысында 2023 жылғы қантар айының 23-27 аралығында «Үздік өндірістік оқыту шебері» облыстық конкусы өтті.

Сайыс өндірістік оқыту шебері мәртебесін арттыруға және үздік жұмыс тәжірибесін әрі қарай таратуға бағытталған. Сайысқа педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар 20 өндірістік оқыту шебері қатысты.Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші іріктеу кезеңінде комиссия мүшелері сырттай бийнероликтерді, портфолионы қарады

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша өндірістік оқыту шебері Ж. Ш. Тұрлыбеков екінші кезеңге өтті, бірақ өкінішке орай жүлделі орынға ілікпедік.

Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында өткізілген «Үздік өндірістік оқыту шебері-2023» облыстық конкурсының қорытындысы.
- Өндірістік оқыту шебері мәртебесін арттыру және үздік жұмыс тәжірибесін әрі қарай тарату -қазіргі заманғы кәсіптік білім берудің міндеттерінің бірі.Осы мақсатта Ақмола облысында 2023 жылғы қаңтар айының 23-27 аралығында«Үздік өндірістік оқыту шебері» облыстық конкурсы өтті.
- Конкурсқа педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар колледждердің 20 өдірістік оқыту шебері қатысты.
Кез – келген конкурстек қатысушылар үшін ғана емес, қазылар алқасы үшін де жауапты жұмыс. Қатысушылардың жұмысын білім беру саласындағы жоғары кәсіби және құзыретті мамандар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бағалады.
- Конкурс 2 кезеңнен тұрды.Бірінші іріктеу кезеңінде комиссия мүшелері бейнероликтерді, портфолионы қарады. Финалдық кезеңге өндірістік оқытудың 11 шебері өтті.
Финалдық кезең  2023 жылғы 27 қаңтарда Көкшетау қ., құрылыс-технологиялық колледжінде өтті. Комиссия мүшелеріинновациялық технологиялар мен цифрлық ресурстарды қолдана отырып, практикалық сабақтың үзіндісін және «Шығармашылық зертхана» көрмесін бағалады.
- Конкурстың марапаттау рәсімінде Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары        В. Гамазов жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, дипломдар, грамоталар және ақшалай сертификаттар табыс етті.
 

 

 

Колледж әдіскері  А.К. Сеитова

30.01.2023 ж.

Жаңартылған күні: 06.04.2023 11:08
Құрылған күні: 06.04.2023 11:30

Текст