Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі" МКҚК
ГККП "Высший колледж лесного хозяйства, экологии и туризма, город Щучинск, Бурпбайский район" при управлении образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЖББ оқытушыларының біліктілігін арттыру курстары

ЖББ оқытушыларының біліктілігін арттыру курстары

 

ЖББ оқытушылары Антонюк К. Е., химия пәнінің мұғалімі, сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Мұхтанова А. К., 5-15 маусым аралығында химия пәнінің оқытушылары, 12-23 маусым аралығында Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Курс бағдарламаның мақсаты: Колледждерде «Химия», «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері оқытушыларының пәндік және кәсіби педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру.

Курстан өту барысында келесі нәтижелерге қол жеткізді:

1) «Қазақ тілі және әдебиеті» пәндері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды (стандарт, оқу бағдарламасы, типтік жоспар, әдістемелік нұсқаулық) оқыту процесінде қолдануды үйренді;

2) Тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларды құрастыра білді;

3) Тіл мәдениетінің нормаларына қатысты тапсырма үлгілерін құрастыру жұмыстарын жүргізе білді;

4) Түрлі жанрдағы құрамдас мәтіндерге салыстырмалы стилистикалық талдау жасауға арналған тапсырмалар әзірледі;

5) Тіл білімі салалары бойынша талдау үлгілерін жоспарлай отырып, әдеби тіл нормаларын оқыту әдістемесін құрастырды;

6) Әдебиет теориясын зерделеуде қазақ әдебиетінің базалық білімдік мазмұнына талдау жасады;

7) Кейіпкерлерді өзара салыстыру, кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып бағалауға қол жеткізді.

8) Оқытудың жаңа технологиялары арқылы сабақ жоспарының тиімділігіне баға беріп, жетілдіру жолдарына рефлексия жасау жұмыстарын жүргізді.

Курстарда оқытуда креативті тәсіл болды. Жаңа әдістеме бойынша қысқа мерзімді жоспар құруды үйренді. Алынған білім тәжірибеде қолданылатын болады.

Курс Көкшетау қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өтті.

 

 

 

А.К.Сеитова колледж әдіскері

Жаңартылған күні: 22.09.2023 17:15
Құрылған күні: 22.09.2023 17:15

Текст