«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді аяқтамаған адамдарға анықтама беру»
Қызмет көрсетуші: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары.
Мемлекеттік қызметті алушылар: жеке тұлғалар.
Мемлекеттік қызметтің құны: тегін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының кеңсесі арқылы;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы жүзеге асырылады.
қызмет көрсетушіге тікелей жүгінген кезде – 3 жұмыс күні;
қызмет көрсетушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде – 3 жұмыс күні;
қызмет көрсетушінің орналасқан жерінен тыс Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде – 8 жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Қызмет көрсетуші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін белгіленген мерзім аяқталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.
Құжаттарды тапсыру үшін жол берілетін ең ұзақ күту уақыты:
қызмет көрсетушіде – 20 минут;
Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.
Қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты:
қызмет көрсетушіде – 30 минут;
Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.
Мемлекеттік қызметті алу үшін:
Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызмет алушының немесе оның заңды өкілінің анықтама беру туралы өтініші;
жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат ұсынылады.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Анықтама техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді аяқтамаған адамдарға, оның ішінде:
аралық аттестаттау нәтижелері бойынша оқудан шығарылған;
оқу ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылған;
академиялық демалысқа шыққан;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының жарғысында көзделген өзге де жағдайларда оқуын аяқтамаған тұлғаларға беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған жағдайда, қызмет көрсетуші қызмет алушыға бас тарту себептері көрсетілген жауап жолдайды.
ТжКБ ұйымы:
Дүйсенбіден жұмаға дейін – 09:00-ден 18:00-ге дейін.
Түскі үзіліс – 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда.
Мемлекеттік корпорация:
Өтініштерді қабылдау және дайын нәтижелерді беру – дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліссіз.
Халыққа қызмет көрсетудің кезекші бөлімдері:
дүйсенбі–жұма – 09:00-ден 20:00-ге дейін;
сенбі – 09:00-ден 13:00-ге дейін;
мереке және демалыс күндерін қоспағанда.
Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсету электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Портал арқылы электрондық кезекті алдын ала брондауға болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен, қызмет көрсетушінің әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым беруге құқылы.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес көрсетіледі.
Қағидаларға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 148-НҚ бұйрығымен өзгерістер енгізілді.
Правила оказания государственных услуг в сфере ТиППО — ИПС «Әділет»
Бірыңғай байланыс орталығы:
1414 – 8 800 080 7777