Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі" МКҚК
ГККП "Высший колледж лесного хозяйства, экологии и туризма, город Щучинск, Бурпбайский район" при управлении образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

1 қыркүйек – Білім күні!

01.09.2026

2026 жылғы 1 қыркүйекте «Щучинск қаласы, орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі» МКҚК-да . Білім күніне және жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Колледж басшысы Кожаков Азамат Маратұлы ұжымға құттықтау сөз арнап, педагогтерді, қызметкерлер мен білім алушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Барша қатысушыларға зор денсаулық, табыс, жаңа жетістіктер және алға қойған мақсаттарының орындалуын тіледі.

Сондай-ақ іс-шараға қатысушыларды әлеуметтік серіктес – «Республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығы» РМҚК «Солтүстік өңір» филиалының директоры Даньяров Олжас Серікұлы және педагогикалық еңбек ардагері Сейдахметов Марат Сайлаубайұлы құттықтады.

Іс-шара аясында колледж ұжымына жаңадан қабылданған қызметкерлерді салтанатты түрде таныстыру және білім алушыларды топ кураторларымен таныстыру рәсімі өтті.

Салтанатты бөлімнен кейін кураторлар бекітілген кабинеттерде «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағатын өткізді.

Жаңа оқу жылы жарқын идеялардың, жемісті еңбектің, терең білім мен толағай жетістіктердің жылы болсын!

Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы сәтті басталсын! 📚✨

#БілімКүні #1Қыркүйек #ЖаңаОқуЖылы #Колледж #Щучинск

1 қыркүйекте

Просмотров: 5862


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст