Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі" МКҚК
ГККП "Высший колледж лесного хозяйства, экологии и туризма, город Щучинск, Бурпбайский район" при управлении образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бурабай сапары» далалық экспедициясын өткізу туралы ақпарат

15.06.2023

Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы 2023 жылғы 5-9 маусым аралығында Бурабай ауданы Щучинск қаласының жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі базасында «Бурабай сапары» далалық экспедициясын өткізді.

Далалық экспедицияның мақсаты - оқушыларды далалық жағдайында өз өмірін жайластыруға үйрету және экологияны, өлкетануды зерттеуге баулу, туристік дағдыларды дамыту, кәсіптік бағдарлау, облыстың дарынды оқушыларын экология бойынша облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жобаларының байқауына дайындау, жас ұрпақты туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

 «Бурабай сапары» далалық экспедициясына Зеренді, Атбасар, Есіл, Жақсы аудандарының және Көкшетау қаласының жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары қатысты.

            Бірінші күні «Бурабай сапары» далалық экспедияның ашылу салтанатымен қатысушыларды қарсы алды. Сонымен қатар экспедиция кезіндегі қауіпсіздік ережелері және нұсқаулықпен танысты. Дендрологиялық бақтың меңгерушісі Эбель Е.И. дендрологиялық бақтың құрылу тарихымен, Седлок Евгений Иосифович туралы ауқымды мәліметтерімен таныстырды, бақтың ағаш және өсімдік түрлеріне тоқталды. Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжінің биология пәнінің оқытушысы, әдіскері Нарбаева Р.Т. балалармен бірге дендрологиялық саябақтағы топырақтың тығыздығы мен ылғалдылығын анықтап зерттеу жұмыстарын жүргізді.  

          Екінші күні Нарбаева Р.Т. экспедиция қатысушыларына егіндік жерлердің ластануын есепке алу әдістерін үйретті. Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің арнайы пән оқытушысы Сеитова А.К., және колледж студенті Нәресте Серікбек топырақтан су сығындысын дайындау, топырақтың биологиялық зерттеулерін жүргізіп, топырақтың механикалық құрамын, топырақ түрін, топырақтың ылғалдылығын, топырақ эрозиясын анықтау әдістерін көрсетті. Колледж оқытушысы Оспанова А.К., Блажко Дарья мен Любушкина Дарья студенттерімен бірге сүзу және титрлеу, заманауи араластыру әдістерін қолдану, яғни қолмен қарағанда нәтижеден бірнеше есе асатын магнитті араластырғышпен топырақтың гидролитикалық қышқылдығын анықтады. Казакова Л.С., балалармен экологиялық  квест өткізді. Балалар экологиялық квестте екі турдағы әр түрлі тапсырмаларды орындап,  жарысты.

         Экспедицияның үшінші күні Көкшетау қаласы № 21 мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі меңгерушісі Гудзюк Е.В. мен Зеренді ауданы Айдабол а. жалпы орта білім беретін мектептің география пәнінің мұғалімі Мищерина Н.Ф., экологиялық соқпақ жүргізді. Экологиялық соқпақта балалар компаспен азимутты анықтай отырып, жеті станциядағы тапсырмаларды орындады. Экологиялық соқпақ барысында балалар гербарий экспонаттарын жинады (жапырақтар, конустар, инелер, тұқымдар), ағаштардың түрлік құрамын зерттеді, зерттелетін аумақтың өсімдіктерінің түр құрамын; деңгейін, экологиясын анықтады және топографиялық карта құру арқылы маршрут жасады. Соқпақты өткеннен кейін әр аудан өздерінің жұмыстарын қорғады. Сонымен қатар колледж оқытушысы Жапарова А.Б., судың жалпы кермектігін анықтау тәжірибелік жұмысын жүргізді: CA u Mg иондарының құрамын анықтау үшін титрлеу әдісімен жүргізді және эквиваленттік нүктеде түс өзгеруін көрсетті. Колледж оқытушысы Ермоленко Н.Д., зертханалық жұмыс жүргізді. Балалармен бірге судың рН анықтау және су сорғышының рН потенциометриялық тәсілдерін анықтады. Семкина Н.В., «Жасыл ойыншықтар жасау» шебер-сыныбын өткізіп, әр бала табиғи және қалдық заттардан өз ойыншықтарын жасады.

            Экспедицияның төртінші күні экспедиция қатысушылары Бурабайдағы басты көрнекті орындардың бірі – Кенесары үңгіріне жаяу экскурсия жасады.  Кенесары үңгірі - табиғаты да тамаша, тарихы да терең  мекен. Жергілікті халықтың айтуынша, Кенесары хан Ресейдің отарлау саясатына қарсы күресте осы үңгірде жасырынған, тығылған көрінеді. Мұнда жасағымен соғыс барысы туралы стратегиялық жоспарлар жасаған деген мәлімет те бар. Үңгірдің жанынан оның балтасы табылған екен. Балалар Кенесары хан туралы тарихи мағлұматтар алды.

       Содан кейін балалар «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің кеңсесіне барды. Онда парк қызметкерлері Боссерт Ю.С., Архипов Е.В., Балташева С.Ж.  «Smart National Park Burabay» ерте өртті анықтау жүйесімен және ұлттық парк туралы презентациямен таныстырды. Бурабай көлінің гидрологиясын, яғни  көлдің су деңгейін өлшеді және рН  анықтады. Орман ағаштарының екпелерін өлшеу әдістерін үйретті.

          Экспедицияның бесінші күні әр ауданның қатысушылары өзінің өңіріндегі экотур туралы презентацияларын қорғады.

     «Бурабай сапары» далалық экспедициясының барлық қатысушыларына сертификат табыс етілді. Әр аудан топтарына зерттхана сыйлығы берілді.

       Далалық экспедияның қатысушылары керемет әсермен үйлеріне қайтты.

«Бурабай сапары» далалық экспедициясының жабылуында барлық басшыларға, және оқушылар мен студенттерге алғыс хаттар мен қатысушы сертификаттары табыс етілді.

 

Колледж әдіскері А.К. Сеитова

 

Просмотров: 1607


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст