Текст
"Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі, Щучинск қаласы, Бурабай ауданы" МКҚК базасында механико - құрылыс бөлімінің 2 және 3 курс студенттері арасында "Пахарь – 2019" байқауы өтті. Байқау үш кезеңнен тұрды: бірінші кезең – компьютерде тестілеу (теория); екінші кезең – трактор мен ауыл шаруашылығы құралдарының материалдық бөлігі; үшінші кезең – тәжірибелік бөлім (жырту), МТЗ – 82 тракторы, ПЛН – 3 – 35 соқасы, жердің белгілі бір бөлігін жырту. Байқауға Ақмола облысы экология департаментінің делегациясы, департамент басшысы Ануар Маратұлы Нұрсейітов, мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Шыныбай Бахтияр Жәнібекұлы қатысты.