Текст
2021 жылдың 02 ақпан күні «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылуына арналған салтанатты жиын өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты: «Өзін-өзі тану» оқу пәні арқылы адамгершілік-рухани тәрбиені қалыптастыру, әрбір адамның өміріндегі руханилықтың, адамгершіліктің, ар-ожданның, ізгіліктің, құрметтің, адалдықтың, борыштың қайнар көзі.
Азаматтыққа, патриотизмге тәрбиелеу; адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы тәрбиелеу; оқуға, еңбекке, өмірге шығармашылық қатынасты тәрбиелеу.