Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі" МКҚК
ГККП "Высший колледж лесного хозяйства, экологии и туризма, город Щучинск, Бурпбайский район" при управлении образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Орман шаруашылығы: дәстүрлер мен инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік фасилитация сессиясының қорытындысы

Бұл іс-шара жиналған барлық қатысушылар үшін – орман шаруашылығы саласының мамандары, табиғатты қорғау саласының мамандары, ғалымдар, оқытушылар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері үшін айтулы оқиға болды. Қатысушыларды ортақ мақсаттағы – орман ресурстарын сақтау, олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету жұмыстарын зерттеу біріктірді. Сессия баяндамалары климаттың өзгеруінің орман экожүйесіне әсерінен бастап заңсыз ағаш кесу мен топырақтың деградациясына дейінгі мәселелердің кең ауқымын қамтыды. Қатысушылар орман шаруашылығын жаңа шындыққа бейімдеу және орманды сақтаудың инновациялық шешімдерін табу қажеттігін атап өтті.

Негізгі тақырыптардың бірі орманды заңсыз кесу мәселесі болды. Бұл құбылыспен күресу үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайту, заңнаманы жетілдіру және орман шаруашылығын бақылаудың тиімділігін арттыру қажеттілігімен қатысушылар келіседі деп ойлаймын.

Сондай-ақ экономикалық мүдделер мен экологиялық қауіпсіздік арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін орман шаруашылығына заманауи технологиялар мен ғылыми тәсілдерді енгізудің өзекті қажеттілігі тақырыбы да көтерілді. Ормандардың климаттың өзгеруіне бейімделудегі рөліне ерекше назар аударылды. Біз ормандардың климатты реттеуде және табиғи апаттардан қорғауда маңызды рөл атқаратынын көрсететін зерттеулерді тыңдадық.

 

Іс-шарада экологиялық ағарту және түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді, өйткені халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру орманды қорғау шараларын табысты жүзеге асырудың кепілі болып табылады.

Конференция қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар тұжырымдалды:

  • Тәжірибе алмасу және инновациялық технологияларды енгізу бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
  • Ормандарды молықтырудың жаңа әдістерін әзірлеу, ормандарды климаттың өзгеруіне бейімдеу және орман өнімділігін арттыру саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту.
  • Орман шаруашылығын бақылаудың тиімділігін арттыру.
  • Халықтың экологиялық санасы мен сауаттылығын арттыру.
  • Орман басқару шешімдеріне қатысу үшін жергілікті қауымдастықтарды тарту.

Барлық ұйымдастырушылар атынан біз Сессияның барлық қатысушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз және ұсыныстарға сәйкес ынтымақтастықты жалғастырамыз, үнемі кездесіп, пікір, тәжірибе алмасамыз деп үміттенеміз. Халықаралық бірлескен жұмыстар арқылы еліміздің табиғи мұрасын сақтауда айтарлықтай табысқа жете аламыз.

         

 

Жаңартылған күні: 06.11.2024 17:51
Құрылған күні: 06.11.2024 18:08

Текст