Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі" МКҚК
ГККП "Высший колледж лесного хозяйства, экологии и туризма, город Щучинск, Бурпбайский район" при управлении образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хаттама №5

2019-2020 оқу жылының 21 ақпанынан.

Қатысқандар:

  1. Тюкачева Л.В.- Щучинск қаласы, №1гимназиясының мектеп директоры, аудандық маслихат депутаты.
  2. Рыбинский А.А.- «Рыбинский» жеке кәсіпкерлік директоры, әлеуметтік серіктес.
  3. Гамазов В.Г.- Ақмола облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары.
  4. Даньяров О.С.- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы».Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны директоры.
  5. Шакимова А.А.- «Есіл» ЖШС, оператор-кассир» Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі. 2-курс ата-аналар комитетінің өкілі.
  6. Рахимов Ж.Б.-қоршаған ортаны қорғау полициясының аға инспекторы, Бурабай АІІБ жергілікті полиция қызметі, полиция капитаны .
  7. Григорьева А.В.- «Оқжетпес» шипажайы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі.1-курс ата-аналар комитетінің өкілі.
  8. Решятникова О.А.ата –аналар комитетінің өкілі. «Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм  колледжі».
  9. Ахметова Х.Н – «Бурабай ауданы,Щучинск қаласы, Жоғары  орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі » ТЖЖ директор орынбасары.

 

Қатыспағандар: жоқ

Шакырылғандар: Кожаков А.М. ОІЖ директор орынбасары.

                              Семкина Н.В. ОЖ директор орынбасары.

 

Күн тәртібі

  1. Колледждің оқу-материалдық базасын нығайту мен дамыту шаралары туралы.
  2. Педагогикалық ұжымның оқу контингентін сақтау жөніндегі жұмысы туралы.

Өту барысы

  1. Кожаков А.М.: 2018 жылдың желтоқсанында бес қабатты оқу корпусы пайдалануға берілді. Жаңа ғимарат заманауи оқу зертханаларымен жабдықталған. 2019 жылдың қаңтарында аналитикалық химия зертханалары, өлшеу құралдары сатып алынды. Колледжде геодезия, жалпы Электротехника, Гидравлика және гидравликалық жүйелер, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, заманауи тракторлар зертханасы, ауылшаруашылық машиналары зертханасы бар. Жыл сайын оқытушылардың өтініштеріне сәйкес қажетті жабдықтар сатып алынады. 2018 жылдан бастап колледж «Жас Маман" жобасына қатысады, жобаға сәйкес 2021 жылы "Мехатроник" және "ландшафтық дизайн"құзыреттері бойынша 274 млн.теңге сомасына жабдық сатып ала алады. Колледжде сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Колледж осы бағытта одан әрі дамуға ниетті.
  2. Семкина Н.В.: Қазіргі уақытта оқу контингентін сақтау педагогикалық ұжымның ең бірінші мәселесі  болып тұр, өйткені бөлінетін қаражат контингенттің санына байланысты. Студенттерді оқудан шығарудың негізгі себептері-сабақтарды жүйелі түрде өткізіп жіберу, пәндер бойынша қарыздар, денсаулық жағдайы және басқа елді мекенге немесе басқа елге көшу. Осы сұрақ колледж басшысының бақылауында тұр. Контингентті сақтау үшін қабылдау комиссиясының жұмысын талапкердің мамандық таңдауы бойынша дұрыс бағдарлануына бағыттау қажет.

Қамқоршылар кеңесінің шешімі:

  1. Болашақта бұл деңгейде студенттерді материалдық қамтамасыз ету және сапалы оқыту үшін жағдай жасау.
  2. Білім алушылар контингентін сақтау, бітіргенге дейін жеткізу жөнінде қажетті шаралар қабылдау.

Жаңартылған күні: 19.04.2019 11:24
Құрылған күні: 20.12.2020 14:10

Текст