Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі" МКҚК
ГККП "Высший колледж лесного хозяйства, экологии и туризма, город Щучинск, Бурпбайский район" при управлении образования Акмолинской области

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

EcoTourBEST «Бурабай – Қазақстанның маржаны» Республикалық фестивалі.

EcoTourBEST «Бурабай – Қазақстанның  маржаны» Республикалық  фестивалі дәстүрлі түрде еліміздің барлық білім беру мекемелері үшін күзгі мерекеге айналды. Үшінші жыл қатарынан "Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі" Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушыларды, сондай-ақ Қырғызстан, Ресей және Абхазиядан келген қонақтарды қабылдады.

Іс-шараны салтанатты түрде ашқан Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің директоры Қожақов Азамат Маратұлы елімізде экологиялық сана мен жасыл туризмді дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Фестивальдің мәртебелі қонақтары да қатысушыларға құттықтау сөз жолдады: Баяжұма Асылбек, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы; Яндиев Герихан Ибрагимович, Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени қоғамының жетекшісі, «Қоғамдық келісім» өкілі / «Достық үйі»; Сұлтанов Қайрат Абайдоллаұлы, Кәсіпкерлер палатасы, туризм жөніндегі кеңес төрағасы.

Фестиваль жұмысы үш бағытқа бағытталды. Ғылыми-тәжірибелік конференцияда қатысушылар дөңгелек үстелде экология, туризмді дамыту, мамандарды даярлау мәселелерін талқылады. Қырғызстаннан, Ресейден және Қазақстаннан келген өкілдер «Геопарктерді ашу» тақырыбында баяндама жасады, соның ішінде «Қырғыз Республикасындағы экотуризм тәжірибесі» тақырыбында «ЭкоТенгри» ҮЕҰ директоры Самат Шайырбекұлы Әлиев баяндама оқыды.

 Андрей Владимирович Эбель, Ресей Федерациясының ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Мамандар даярлауда дуальды оқытуды пайдалану» тақырыбында сөз сөйледі; Яндиев Герихан Ибрагимович «Көк жағалы мамандықтардың беделі» тақырыбында баяндама жасады.

Қонақтар мен баяндамашылар қатарында Бурятия Республикасы, Ресей елінің қонағы, РҒА СБ Байкал табиғатты пайдалану институтының маманы Александр Архипович Алтаев сөз сөйледі ; биология ғылымдарының кандидаты, доцент, Мая Васильевна Цыбулевская, Абхазия Білім министрлігі Жалпы, орта және кәсіптік білім департаментінің басшысы, Гүлжанат Әскербайқызы Қапбасова, Абай Мырзахметов атындағы мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Нәсір Арман Секторұлы, «Қазақстанның энергетикалық аспектілері» ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары, Абдибекова Сандуғаш Бақтыгелдіқызы, Дарбинская Олеся Викторовна және басқа да көптеген оқытушылар мен зерттеушілер қатысты.

Семинардың екінші бөлімінде жобалық және ғылыми жұмыстарды қорғау ұсынылды. Қазақстанның әр өңірінен – Ақмола, Алматы, Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарынан студенттер 65-тен астам баяндама жасады.

Үшінші бөлім «Табиғат сыйлары» балалар шығармашылығына арналды. Мектеп және колледж оқушылары табиғатқа деген құрмет пен туған жерге деген сүйіспеншілігін көрсететін табиғи материалдардан жасалған қолөнер бұйымдарын ұсынды.

EcoTourBEST фестивалі тәжірибе алмасу, экологиялық идеяларды  және тұрақты туризмді дамыту үшін маңызды алаңға айналды. Барлық қатысушыларға, қонақтарға және серіктестерге Қазақстандағы экологиялық мәдениетті дамытуға белсенді қатысқандары және қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз!


Текст